Орта салмақта америкалық боксшы Кордейл Букер (23-1, 11 КО) өз дивизионында IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (15-0, 10 КО) айқасқа шыққысы келтінін айтты.
"Бәрінен бұрын Остин Уильямспен айқасқым келеді, одан жеңілгенімді жабу үшін. Ол жекпе-жекте мен өзіме өзім ұқсамадым, сондықтан қарымиа қалаймын. Егер онымен шыға алмасам, ештеңе етпейді. Онда мен чемпиондарды қудалауды жалғастыра беремін. Мен Эрисланди Лара, Карлос Адамес және Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасқым келеді.
Мен ең мықтыларға қарсы тұруға дайынмын. Мен Джарон Эннис, Дэнни Джейкобс, Шакур Стивенсон, Джарретт Херд, Джулиан Уильямс, Шон Портер, Деметриус Андраде, Джош Тейлор сиқяты мықтылармен спаррингке шыққанмын және әуесқойда Эдгар Берланганы жеңгенмін", - деп береді Кордейлдің сөзін Boxing News.