Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен польшалық Камил Шеремета (21-0, 5 КО) арасындағы жекпе-жектің мән-жайы келісілді, - деп хабарлайды
Boxing Kingdom.
Портал мәліметінше, жекпе-жек туралы жақында ресми жария етіледі.
Еске салайық, GGG бұл жекпе-жекте IBF титулын қорғайды. Дегенмен жекпе-жектің өтетін күні ретінде түрлі уақыт айтылауда.
Аталған күндер ішінде - 29 ақпан мен 28 наурыз бар. Тіпті Головкин рингке тек сәуір не мамырда оралады деген ақпарат та таралуда.
Ал кездесу өтетін орын ретінде поляктардың ең үлкен диаспорасы шоғырланған Чикаго таңдалды.
Жарнама