10 нокауты бар "Қазақ жауынгері" келесі жекпе-жегін өткізетін уақыт белгілі болды
Бірінші орта салмақта WBC "жастар" титулына ие қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) рингке желтоқсанда оралады,- деп хабарлайды RDS.ca.
Бірінші орта салмақта WBC "жастар" титулына ие қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) рингке желтоқсанда оралады,- деп хабарлайды RDS.ca.
Жекпе-жек 18 немесе 19 желтоқсанға белгіленеді, әзірге қарсылас пен өтетін орны белгісіз.
Әуесқой бокста Ахмедов жастар арасында әлем чемпионы болған. Кәсіпқой боксқа 2018 жылы ауысып, 11 жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жетті (10 нокаут). Боксшы бір ғана кездесуін Қазақстанда, ал қалғандарының бәрін Канадада өткізген.
2019 жылы Монреальдағы кейінгі жекпе-жегінде Садриддин аргентиналық Хосе Антонио Вильялобосты (12-6-2, 7 КО) нокаутқа түсірген.
Жарнама