Бокс
22 тамыз 10:35

10 нокауты бар "Жаншығыш" Әлімханұлын айқасқа ашық шақырды

©Нұрғали Жұмағазы

Ирландиялық боксшы Аарон Маккенна (20-0, 10 KO) орта салмақта WBO және IBF чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын (17-0, 12 KO) ашық түрде жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Орпрта салмақта екеумізден бәрі айналып қашады. Оған қоса, тек екеуміз ғана кез келгенімен жұдырықтасуға дайынбыз. Ендеше, жекпе-жек ұйымдастырайық!" – деп жазды Маккенна өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ирландиялық боксшы бұл жазбасында Жәнібек Әлімханұлын, саудиялық бокс меценаты Турки әл аш-Шейхті, сондай-ақ The Ring журналын белгілеген.

"Жаншығыш" лақап атты Маккенна кейінгі жекпе-жегін сәуір айында Лондонда өткізіп, әлемнің бұрынғы чемпионы британиялық Лиам Смитті (33-5-1, 20 KO) төрешілер шешімімен жеңген болатын.

Ал Жәнібек Әлімханұлы сәуірде Астанада өткен айқаста чемпиондық атақтарын сәтті қорғап, франциялық Аннауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 KO) бесінші раундта нокаутқа түсірген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport