Қазақстандық боксшы Тимур Баситов (5-0, 4 KO) Тайландтың Бангкок қаласында өткен бокс кешінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Оның қарсыласы 32 жастағы танзаниялық тәжірибелі боксшы Бонифаций Сагуда (10-3, 9 KO) болды.
Жекпе-жек екінші раундта аяқталды, Басытов қарсыласын нокаутқа түсірді.
20 жастағы Тимур Баситов үшін бұл кәсіпқой бокстағы бесінші жеңісі. Оның төртеуінде қарсыластары жекпе-жекті уақытынан бұрын тоқтатуға мәжбүр болды. Ал он жеңісі бар Сагуда үшін бұл кәсіпқой рингтегі үшінші жеңіліс болды.