АҚШ-тың Орландо қаласында өткен бокс кешінде екінші орта салмақтағы пуэрториколық боксшылар Эдгар Берланга (23-1, 18 КО) мен Джонатан Гонсалес-Ортис (20-1-1, 16 КО) арасында жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жек он раундқа есептелген болатын, алайда, біріншісінде-ақ аяқталды.Берланга қарсыласын үш рет құлатты, осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты.
20 жеңіске жетіп, бір қарсыласымен тең түскен Джонатан үшін бұл карьерасындағы алғашқы жеңіліс болды. 10 жыл түрмеде отырған ол рингке былтыр ғана оралған еді.
Берланга карьерасында 23-жеңісіне жетті, оның он сегізі нокаутпен. Былтыр ол мексикалық Сауль Канело Альварестен (62-2-2, 39 КО) нокаутпен жеңілген еді.