Бокс
20 тамыз 09:43

10 жыл! Допингпен ұсталған чемпион өте қатаң жазаланды

©korabelov.info

Әуесқойлар арасында Украина чемпионы Максим Зиневич допинг ережелерін бұзғаны үшін 10 жылға бокстан шеттелді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Украинаның Ұлттық допингке қарсы агенттігінің хабарлауынша, 22 жастағы боксшының сынамасынан тыйым салынған остарин мен лигандрол анықталған. Бұл заттар андрогендік рецепторлардың селективті модуляторлары санатына жатады. Дисквалификация мерзімі 2025 жылдың 30 сәуірінен бастап күшіне енеді.

Наурыз айында Зиневич 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Украинаның чемпионы атанып, жарыста Николаев облысының атынан сынға түскен еді.

Соңғы уақытта әлемдік бокс пен аралас жекпе-жек спорттарында допинг даулары жиілеп отыр. Бұған дейін Париж Олимпиадасының жеңімпазы, Өзбекстандық Лазизбек Муллажоновтың допинг сынамасы да оң нәтиже көрсеткен болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport