20 жастағы британиялық боксшы Мозес Итаумаға (20-0, 10 KO) жеңіліп көрмеген өзбекстандық Баходир Жалоловпен (15-0, 14 KO) жекпе-жек өткізу ұсынылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Итаумаға нағыз сынақ керек
Сарапшылардың пікірінше, Итаумаға супер ауыр салмақтағы үздік боксшылармен күш сынасатын уақыт келді, ал солардың қатарында өзбекстандық Баходир Жалолов та бар.
"Мінсіз сценарий - Мозесті нағыз топ-боксшылармен кездестіру. Сол кезде оның құндылығы "шынайы" ма, әлде бос дүние ме, анық білінер еді. Егер ол сәтсіздікке ұшыраса, демек, ол жай ғана "жарнамаланған проспект", әрі қарай оған үміт артудың қажеті жоқ", – деп жазады Boxingnews24.
Көпшілік пен сарапшылар қалап оьырған қарсыластар қатарында Джозеф Паркер, Ричард Торрес, Баходир Жалолов, Дайниер Перо, Филипп Хргович, Мартин Баколе, Чжан Чжилей, Эфе Аджагба, Энди Руис және Джаред Андерсон сияқты аты шулы боксшылар аталды.
"Алайда, Мозес Итаума әлі де тәжірибесі төмен қарсыластармен кездесіп жүр. Бұл оның қиын сәттерде қалай әрекет ететінін бағалауға мүмкіндік бермей отыр. Мартин Баколенің бапкері Билли Нельсон бұған дейін Итауманың иегі әлсіз болуы мүмкін екенін меңзеген. Бірақ қазіргі қарсыластарының деңгейіне қарап, мұны растай да, жоққа да шығара алмаймыз", - деп түіндеді басылым.
Айта кетейік, екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Жалолов кейінгі рет украиналық Игорь Шевадзуцкийді (12-3, 10 KO) төрешілер шешімімен жеңді. Бұл кездесу 5 сәуір күні Астанадағы бокс кешінің аясында өткен болатын.
Жарнама