10 боксшыны сұлатқан. Жәнібектің келесі қарсыласы кім бола алатыны айтылды

©Top Rank

Бокс жаңалықтары мен инсайдтар жариялайтын EverythingBoxing орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әдлімханұлының (15-0, 10 КО) келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екенін жазды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Дереккөз мәліметінше, Жәнібектің келесі қарсыласы америкалық Остин Уильямс (15-0, 10 КО) болуы ықтимал.

Твиттер желісін қолданушылардың бірі Уильямс жақын арада титулды айқасқа шыға ала ма деген сұрағына мынадай жауап алды:

"Ол Жәнібек болатын шығар немесе WBA ұйымынан бірдеңе, Остин оның рейтингінде үшінші". 

Айта кетейік, Уильямс WBO рейтингінде топ-15 тізімде жоқ, ал IBF тізімінде алтыншы.

Америкалық боксшы кейінгі рет былтыр қыркүйекте отанында жұдырықтасып, канадалық Стив Роллсты (22-3, 12 КО) төрешілер шешімімен жеңіп, оның IBF North American белбеуін алып қойды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport