Бокс
Бүгін 11:03

"1-2 күнде көреміз". Әлімханұлы чемпионның бетпердесін "шешіп тастады"

©Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) әлеуметтік желіде мықты деген боксшылардың өзінен қашатынын мысқылмен жазды, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мені "Түнгі қорқыныш" деп жиі атай бастаған сайын, мен де ойланып қалдым... Боксшылар үшін шынымен қорқынышты түске айналып барамын ба деп. Бір-екі күннен кейін көреміз, ол нағыз чемпион ба, әлде аты ғана ма. Күтейік, көрейік", - деп жазды Әлімханұлы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында (бұрынғы Twitter).

Еске салайық, бұған дейін Әлімханұлы екінші орта салмақта WBO чемпионына міндетті қарсылас атанған. Бұл белбеу британиялық Хамза Ширазда (24-0-1, 19 КО).

Дүниежүзілік бокс ұйымы екі боксшыға 3 қыркүйекке дейін жекпе-жек өткізу жөнінде келісімге келуді міндеттеді. Алайда Шираз бұл шешімді сынға алып, қазақстандықпен жұдырықтаспау үшін чемпиондық белбеуден өз еркімен бас тартуға дейін баратынын мәлімдеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport