"Мистер Олимпия" фавориті турнирге бірнеше күн қалғанда мерт болды
Бодибилдер Джордж Петерсон 37 жасында Орландо қаласында көз жұмды. Спортшы "Мистер Олимпия" жарысына қатысуға келген болатын, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бодибилдер Джордж Петерсон 37 жасында Орландо қаласында көз жұмды. Спортшы "Мистер Олимпия" жарысына қатысуға келген болатын, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Джордж қонақүйдегі бөлмесінен ұзақ уақыт шықпай қалған. Біраз уақыттан кейін қонақүй қызметшілері бөлмені ашқанда, Петерсонды етбетімен жатқан күйде тауып алады. Оған жедел жәрдем келгенше көмек беруге тырысады. Алайда оқиға орнына келген дәрігерлер билдер бірнеше сағат бұрын көз жұмғанын тіркеген.
Әзірге өлім себебі анықталған жоқ. Петерсон аталмыш жарыс басталарға бірнеше күн қалғанда көз жұмған екінші бодибилдер болып отыр екен.
Джордж Петерсон негізін атақты Арнольд Шварценеггер қалаған турнирге бесінші рет қатысу керек еді. Осыған дейін ол үші рет Classic Physique қоласын жеңіп алған, ал 2020 жылы 212 Olympia Showdown турнирінде үшінші болған.
Петерсон биылғы турнирде жеңімпаз атанатын негізгі кандидаттардың бірі еді.
Жарнама