Головкиннің ізбасары атанған өзбек нокаутшы қарсыласының қабырғасын сындырып жіберді

Сурет: olympic.uz

Бірінші жартылай орта салмақтағы өзбекстандық проспект Шохжахон Эргашев (19-0, 17 КО) кезекті қарсыласын жекпе-жек уақыты аяқталғанға дейін жеңді. 

Ресейдің Краснояр қаласында өткен бокс кешінде Эргашев беларуссиялық Дмитрий Милюшамен (9-4-1, 4 КО) жұдырықтасты. Сегіз раундқа есептелген кездесу екіншісінен кейін аяқталды. 

Өзбек боксшы қарсыласының оң бүйірінен ұрғанда қабырғасын сындырып жіберген екен. Үшінші раунд басталысымен Милюша дәрігердің кеңесімен жекпе-жекті жалғастырмайтын болды. 

Айта кетейік, өзбекстандықтың промоутері Эргашевті әйгілі қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) ізбасары деп атаған.