1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Биатлон
Бүгін 15:51
 

Төрт қазақстандық биатлоншы 2026 жылғы Олимпиадаға қатысады

  Пікірлер

blog.share

Төрт қазақстандық биатлоншы 2026 жылғы Олимпиадаға қатысады ©ҚР ҰОК

Халықаралық биатлоншылар одағы (IBU) Италияда өтетін 2026 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуға бөлінген квоталардың ресми тізімін жариялады.

blog.share

Халықаралық биатлоншылар одағы (IBU) Италияда өтетін 2026 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуға бөлінген квоталардың ресми тізімін жариялады.

Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңін төрт жолдамамен аяқтады. 2026 жылғы Олимпиада ойындарында ел намысын екі ер және екі әйел спортшы қорғайды.

Айта кетейік, берілген квоталар атаулы емес. Олимпиадаға қатысатын спортшылар құрамын бапкерлер штабы анықтайды.

Белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының Биатлоншылар одағы квоталарды пайдалану ниетін растауы тиіс. Осыдан кейін Қазақстан құрамасының өтінімін ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті IBU мен Халықаралық Олимпиадалық комитетіне жолдап, Олимпиада–2026 қатысушыларының сандық құрамын ресми түрде бекітеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!