auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қазақстандық биатлоншыларға жасалған допинг-сынамаларының қорытындысы шықты

Министр Бүкіләлемдік антидопингтік агенттіктен (WADA) келген құжаттарды өзінің Facebook желісіндегі парақшасында бөлісті.

Қазақстандық биатлоншыларға жасалған допинг-сынамаларының қорытындысы шықты
regnum.ru
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Австрияда өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық биатлоншыларға жасалған допинг-сынамаларының қорытындысымен бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Министр Бүкіләлемдік антидопингтік агенттіктен (WADA) келген құжаттарды өзінің Facebook желісіндегі парақшасында бөлісті.

"... Достар, қазір ғана Бүкіләлемдік антидопинг агенттігі (WADA) біздің биатлоншыларымызға жасалған допинг-сынамаларының қорытындысы бойынша спортшыларымыздың қанынан тыйым салынған заттар шықпағаны туралы ресми түрде қағаз алдық! Бұрындары айтқанымдай, біздің спортшылар таза!

Мен басынан өзіміздің командаға сендім және олардың сенімді ақтағанына дән ризамын. Қайталаймын бұл барлығымызға да үлкен сабақ болды. Ал мынау WADA құжаттары, номерлердің астарында біздің спортшылардың есімдері жасырылған", - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Осыған дейін, Австрия полицейлерінің қазақстандық биатлоншылардан тыйым салынған заттарды тапқаны хабарланған болатын. Осыған байланысты спортшылар допинг тексерісінен өткен еді.

Допинг қолданды деген күдікке ілінген Қазақстан құрамасының биатлоншылары Австрияның Хохфильцен қаласында аралас эстафетадан өткен әлем чемпионатына қатысты. Аралас эстафетаға Қазақстаннан Ольга Полторанина, Анна Кистанова, Максим Браун мен Ян Савицкий қатысты. Олар 11-орынға тұрақтады. Ал алғашқы үздікте Германия, Франция және Ресей командалары тұр.




Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар