1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Биатлон
Бүгін 11:12
 

Қазақстандық биатлоншылардың ешқайсы Әлем кубогі кезеңінде жүлдеге жете алмады

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық биатлоншылардың ешқайсы Әлем кубогі кезеңінде жүлдеге жете алмады ©ҚР ҰОК

Рупольдингте (Германия) биатлоннан Әлем кубогының кезеңі аяқталды.

blog.share

Рупольдингте (Германия) биатлоннан Әлем кубогының кезеңі аяқталды.

Соңғы жарыс күнінде із кесу сайысы өтті. Ерлер арасында бұл сайысқа Владислав Киреев қатысты.

Қазақстандық биатлоншы жарысты 43-орыннан бастады. Төрт ату кезеңінде де бірде-бір мүлт кеткен жоқ. Нәтижесінде Киреев 33-орында мәреге жетті.

Бұл көрсеткіш оған рейтингтік ұпай жинауға мүмкіндік берді. Қазіргі таңда Владислав Киреевтің еншісінде 43 ұпай бар.

Норвегия өкілі Йоханнес Дале жеңіске жетті. Франциялық Эрик Перро екінші орынға тұрақтаса, швециялық Мартин Понсилуома үздік үштікті түйіндеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!