1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Биатлон
16 қаңтар 16:23
 

Қазақстандық биатлоншылар Германиядағы Әлем кубогы кезеңінде жүлдеге жете алмады

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық биатлоншылар Германиядағы Әлем кубогы кезеңінде жүлдеге жете алмады ©ҚР ҰОК

Қазақстан ерлер құрамасы биатлоннан Германияның Рупольдинг қаласында өткен Әлем кубогы кезеңіндегі эстафета жарысына қатысты.

blog.share

Қазақстан ерлер құрамасы биатлоннан Германияның Рупольдинг қаласында өткен Әлем кубогы кезеңіндегі эстафета жарысына қатысты.

Бұл сайыста ел намысын Владислав Киреев, Александр Мухин, Кирилл Бауэр және Вадим Куралес қорғады.

Қазақстандық биатлоншылар әрқайсысы 7,5 шақырымнан тұратын төрт кезеңді сегіз қосымша оқпен еңсерді. Нәтижесінде ұлттық құрама 18-орынға тұрақтады.

Жарыста Франция құрамасы жеңіске жетті. Норвегия екінші нәтиже көрсетті. Ал Германия үздік үштікті түйіндеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!