auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Біздің арымыз таза - Ольга Полторанина допинг дауы жайлы

Бүгін Аустрия сақшылары биатлоннан Қазақстан құрамасы тыйым салынған дәрумендерді қолданды деп күдіктенген болатын.

Біздің арымыз таза - Ольга Полторанина допинг дауы жайлы
vksport.kz
Қазақстандық шаңғышы Ольга Полторанина допинг дауына қатысты жағдайды түсіндірді, деп жазады "Чемпионат.сом".

"Біз өзімізге 100 пайызға сенімдіміз. Арымыз таза. Олар ештеңе таппайды. Бізге жағдайды түсіндірместен алып кетті. Мүмкін жаттықтырушыларға мән-жайды түсіндірген болар. Әзірге біз ештеңе білмейміз", - дейді Полторанина.

Айта кетейік, Аустрия жерінде өтіп жатқан биатлоннан әлем біріншілігі кезінде Қазақстан құрамасының басы дауға қалған еді. Жергілікті жанармай құю бекеттерінің бірінде белгісіз спортшылар медициналық қалдықтар салынған қораптар мен жарыс құжаттарын тастап кеткен. Аустрияның допингке қарсы Ұлттық орталығының жүргізген сараптамасының нәтижесінде аталмыш қораптар мен құжаттар Қазақстан делегациясына тиесілі екендігін анықталды.

Осыған байланысты, жергілікті 30-ға жуық полиция өкілдері Қазақстан делегациясын тексеріп, әр түрлі медициналық құралдар мен ұялы телефондарды тәркілеген. Сонымен қатар, артынша Қазақстан құрамасының барлық спортшыларынан қан-сынамалары алынды.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар