Бүгін, 8 қаңтарда Германияның Оберхоф қаласында биатлоннан Әлем кубогының кезеңі басталады.
Жарыстың алғашқы күнінде спринт сайысы өтеді.
Ерлер арасында Қазақстан атынан Александр Мухин, Владислав Киреев және Әсет Дүйсенов жарыс жолына шығады. Басталуы - Астана уақытымен 15:30.
Ал әйелдер арасында Дарья Климина, Айша Ракишева және Полина Егорова сынға түседі. Әйелдер спринті Астана уақытымен 18:15-те басталады.