2017 жылдың соңында Зайцева және екі ресейлік биатлоншы Яна Романова мен Ольга Вилухина Олимпиада ойындарынан өмір бойына шеттетілген еді. Олард допинг ережесін бұзды деп айыптады. Одан бөлек, спортшылардан 2014 жылғы Олимпиада ойындарында эстафетада жеңіп алған күміс жүлдесін тартып алды.
Ресейлік биатлонышаларды Мәскеуде орналасқан лабораторияның бұрынғы басшысы Георгий Родченковтың ақпаратына байланысты айыптап жатыр. Наурыз айынан басында жоғарыдағы үш спортшы Спорттық арбитраждық сотқа (CAS) шағым түсірген еді. Қазір бұл мәселе қарастырылып жатыр.
Зайцева 2006 және 2010 жылғы Олимпиада ойындарында эстафетада топ жарған. Ол әлем біріншілігінде үш рет топ жарған. Ол 2015 жылы карьерасын аяқтап кетті.