Биатлон
6 шілде 2020 13:11
 
Биатлоншы қыздың допинг сынағынан еркектің ДНК-сы шықты

  Пікірлер

blog.share

Биатлоншы қыздың допинг сынағынан еркектің ДНК-сы шықты Ольга ЗАЙЦЕВА. Сурет Федор УСПЕНСКИЙ, "СЭ"

Биатлоннан Олимпиада ойындарының екі дүркін жеңімпазы ресейлік Ольга Зайцевадан еркектің ДНК-сы шықты, деп хабарлайды Der Spiegel басылымы. 

Басылымның мәліметі бойынша, ресейлік спортшы 2014 жылдың қазан айында допинг сынақ тапсырған. Кейінірек сынақтың нәтижелері Халықаралық Олимпиада комететіне жіберілген. Бұл жерде сынақты алаяқтыңтың дәлелі ретінде қарастырып отыр. Сот-медициналық сараптама бұл ДНК спортшының күйеуіне тиесілі екенін анықтады. 

2017 жылдың соңында Зайцева және екі ресейлік биатлоншы Яна Романова мен Ольга Вилухина Олимпиада ойындарынан өмір бойына шеттетілген еді. Олард допинг ережесін бұзды деп айыптады. Одан бөлек, спортшылардан 2014 жылғы Олимпиада ойындарында эстафетада жеңіп алған күміс жүлдесін тартып алды. 

Ресейлік биатлонышаларды Мәскеуде орналасқан лабораторияның бұрынғы басшысы Георгий Родченковтың ақпаратына байланысты айыптап жатыр. Наурыз айынан басында жоғарыдағы үш спортшы Спорттық арбитраждық сотқа (CAS) шағым түсірген еді. Қазір бұл мәселе қарастырылып жатыр. 

Зайцева 2006 және 2010 жылғы Олимпиада ойындарында эстафетада топ жарған. Ол әлем біріншілігінде үш рет топ жарған. Ол 2015 жылы карьерасын аяқтап кетті. 

Жарнама

Живи спортом!