Финляндияның Контиолахти қаласында биатлоннан Әлем кубогының кезекті кезеңі аяқталды.
Жарыстың соңғы күні әйелдер арасында 4×6 шақырымдық эстафета өтті.
Аталған жарыста Қазақстан құрамасы сапында Дарья Климина, Милана Генева, Айша Ракишева және Лаура Киныбаева өнер көрсетті.
Отандастарымыз жарысты 19-орынмен аяқтады. Жеңіс тұғырының ең биік сатысына Швеция құрамасы көтерілді. Екінші орынды Франция иеленсе, Норвегия үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, Әлем кубогының келесі кезеңі Эстонияның Отепя қаласында өтеді.