Биатлон
Кеше 16:25

Биатлоннан Әлем кубогы кезеңінде қазақстандықтардың бәрі 80-орыннан төмен болды

©ҚР ҰОК

Финляндияның Контиолахти қаласында биатлоннан Әлем кубогының кезеңі басталды.

Жарыстың алғашқы күні әйелдер арасында жекелей сайыс өтті. Аталған бәсекеге Қазақстан құрамасының үш спортшысы қатысты.

Милана Генева 83-орын алса, Дарья Климина 84-сатыға жайғасты. Ал Лаура Киныбаева жарысты 93-орынмен аяқтады.

Швециялық Эльвира Эберг жарыста жеңіске жетті. Екінші орынды оның отандасы Ханна Эберг иеленді. Ал қола жүлде словакиялық Паулина Батиста Фиалковаға бұйырды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport