Биатлон
Кеше 17:29

Биатлоннан Әлем кубогі кезеңінде қазақстандықтар ондыққа кіре алмады

©Биатлон Одағы

Аустрияның Хохфильцен қаласында биатлоннан Әлем кубогының екінші кезеңі өз мәресіне жетті.

Жарыстың соңғы күнінде Қазақстан құрамасының өкілдері ерлер арасындағы 4×7,5 шақырымдық эстафетаға қатысты.

Никита Акимов, Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов және Кирилл Бауэрден құралған қазақстандық құрама мәреге 19-шы жетті.

Эстафетада жеңісті Норвегия құрамасы иеленді. Франция екінші орынға тұрақтаса, үздік үштікті Швеция құрамасы түйіндеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport