2026/2027 жылғы маусымда биатлоннан әлем кубогының алғашқы кезеңі 26-29 қараша аралығында Финляндияның Контиолахти қаласында өтеді.
Алдағы жарыста Қазақстан намысын сегіз спортшы қорғайды.
Ерлер:
- Александр Мухин
- Владислав Киреев
- Әсет Дүйсенов
- Кирилл Бауэр
Әйелдер:
- Милана Генева
- Лаура Киныбаева
- Айша Ракишева
- Дарья Климина
Әлем кубогының алғашқы кезеңінде ерлер 20 шақырым, әйелдер 15 шақырым қашықтықта жекелей жарысқа қатысады. Сонымен қатар спринт, аралас эстафета және жекелей аралас эстафета сайыстары өтеді.