OXVClpZRR6gwMxxQyfEWyJCisyWxGKH2rAROG9S4
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қазақстан баскетбол федерациясы ӘЧ іріктеу кезеңінің алдында бапкердің жоқтығына қатысты пікір білдірді

Қазақстан баскетбол федерациясы ӘЧ іріктеу кезеңінің алдында бапкердің жоқтығына қатысты пікір білдірді
© nbf.kz
Қазақстан басктбол федерациясының вице-президенті Марат Шәкіров Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында бас бапкер Михаил Карпенконың өз қызметінен кетуіне байланысты пікір білдірді. 

Таяуда, 14 мамырда Карпенконың өзі қызметінен кеткенін хабарлады. Ол құрама мен "Астана" клубымен де келісімшартты үзді. 

Қазақстан баскетбол құрамасы ӘЧ іріктеу кезеңінің алдында бапкерсіз қалды. 

"Карпенконың хабарламасынан кейін біз осы қызметке үміткерлерді қарастыра бастадық. Қазіргі уақытта нақты бір мәлімет жоқ. Кейінірек хабарлайтын боламыз", - деді Шәкіров. 

Еске салайық, жоспар бойынша ұлттық құрама 15 маусымда жаттығу шаралары үшін жиналуы тиіс еді, себебі әлем біріншілігінің іріктеу кезеңі барысында 29 маусымда Ирак құрамасымен, ал 2 шілдеде Иран құрамасымен ойындар бар. 

Осыған дейінгі ойындарда қазақстандықтар үш рет жеңіске жетіп, 7 ұпаймен D тобында көш бастады. 
Ставки на спорт!
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег: