Баскетболдан Қазақстан спартакиадасының жеңімпазы анықталды

© olympic.kz
Щучинск қаласында баскетболдан ерлер арасындағы Қазақстан Спартакиадасы мәреге жетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер есімі анықталды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жақсы" спорттық базасында өткен жарыс нәтижесінде Қостанай облысы алтын жүлдегер атанды.

Финалда есе жіберген Ақмола облысының командасы күмісті қанағат тұтса, Атырау облысының өкілдері жүлделі үшінші орыннан көрінді.

Алғашқы төрттікті Қарағанды облысы тұйықтап тұр.
Метки: