Стрип-кулбта қару шығарған НБА жұлдызы тақырға отыруы мүмкін

©usatoday.com

"Мемфис Гриззлис" баскетбол клубының жұлдызы Джа Морант Instagram желісіндегі қару көрсеткен тікелей эфирден кейін белгісіз мерзімге шеттелді, деп хабарлайды Vesti.kz.

23 жастағы Морант әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде қару бұлғап жүрген үшін шеттелді. Спортшы ол кезде стрип клубта болған екен. БАҚ мәліметінше, баскетболшы клубта шәй-пұл ретінде 50 мың долларды жоқ қылған. 

Колорадо штатының ресми тұлғалары Морант қандайда бір заңды бұзған жоқ деп мойындағанымен НБА істі тергеуге алды. 

НБА тарапынан мұндай қатаңдықтың себебі бар, мұның алдында Морант жасөспірімді ұрып жіберіп, оған тапанша кезенген жағдай болған екен. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: