"Лос-Анджелес Лейкерс" форварды Леброн Джеймс "Хьюстонға" қарсы матчынан (111:121) видео жариялады. Онда баскетболшы 19 жыл бұрынғы Коби Брайанттың данкын қайталаған, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Қош келдің, бауырым. Аңыз адамдар ешқашан өлмейді", - деп жазған Джеймс Instagram-да.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от LeBron James (@kingjames) 7 Фев 2020 в 5:32 PST
Еске салайық, Коби Брайант 26 қаңтарда 13 жастағы қызымен бірге әуе апатынан қаза тапты.
Ұлттық баскетбол қауымдастығының бес дүркін чемпионымен қоштасу рәсімі 24 ақпанда өтеді. Бұл күн символдық мәнге ие: Брайант карьерасында 24-ші нөмірде өнер көрсеткен, ал оның қызы Джанна 2-ші нөміріде жасөспірімдер командалары үшін ойнаған.
Брайант карьерасын 2016 жылы аяқтаған, ол ҰБҚ-да 20 маусым бойы "Лос-Анджелес Лейкерс" үшін ойнаған, бес рет чемпион атанған, 18 рет Жұлдыздар матчына қатысқан, тұрақты чемпионаттың және екі рет плей-офф финалдық сериясының ең құнды ойыншысы атанған. АҚШ құрамасында баскетболшы 2008 және 2012 жылдары Олимпиада ойындарында жеңіске жеткен.