Әлемдегі ең танымал, ықпалды баскетболшылардың бірі Леброн Джеймс Токио Олимпиадасында құрама сапында ойнамайды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Осылайша шабуылшы АҚШ сапындағы карьерасын аяқтап отыр. Бұл туралы "Лейкерс" командасының бас менеджері Джерри Коланджело ресми мәлімдеді.
36 жастағы Джеймс - Ұлттық Баскетбол Лигасының (НБА) төрт дүркін чемпионы. АҚШ құрамасымен 2004 жылы Афина Олимпиадасының қола жүлдегері атанса, Бейжің мен Лондон ойындарында алтыннан алқа таққан.