Қазақстандық баскетболшылар қарсыласына есе жіберді

©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан құрамасының баскетболшылары әлем Кубогі-2023 турнирінің іріктеуінде қарсыластарының тағдырын шешті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Іріктеу ойындарының соңғы турында қазақ баскетболшылары Бахрейн (51:62) командасына есе жіберіп, квалификацияда алғаш рет ұтылды. Нәтижесінде бәсекелестеріне келесі айналымға шығуға мүмкіндік жасады.

Бахрейн құрамасы топта екінші рет жеңіске жетсе (сегіз ұпай), Сирияның еншісінде алты ұпай болды.

Ал қазақстандық спортшылар іріктеу бәсекесін уақытынан ерте сәтті аяқтап, он бір балл жинады. Сонымен қатар, Иран командасын (73:69, 68:60) екі мәрте тізе бүктірді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport