Екі дүркін Олимпиада чемпионы 9 жылға сотталды
Мәскеу маңындағы Химки қалалық соты америкалық баскетболшы Бриттни Грайнерді тоғыз жыл бас бостандығынан айыру және контрабанда үшін 1 миллион рубль айыппұл төлеуді міндеттеді, деп жазады "Р-Спорт".
Мәскеу маңындағы Химки қалалық соты америкалық баскетболшы Бриттни Грайнерді тоғыз жыл бас бостандығынан айыру және контрабанда үшін 1 миллион рубль айыппұл төлеуді міндеттеді, деп жазады "Р-Спорт".
Сот шешімі бойынша Грайнер абақтыға қамалады.
Спортшы өзінің кінәсін толық мойындапты. Тек келерде заттарын тез жинап, арасында Ресейде рұқсат етілмеген заттарды алып келген. Осыған қатысты ол УГМК командасы мен ата-анасынан кешірім сұрайды. Белгілі болғандай, Аризона штатында Грайнердің дәрігері марихуананы емдік мақсатта қолдануға рұқсат берген.
Еске салайық, ақпан айында Нью-Йорктен Мәскеуге ұшып келген бетінде америкалық баскетболшыны Шереметьево әуежайында полиция қызметкерлері тұтқынға алған еді.
Грайнер – әлемдегі ең беделді баскетболшылардың бірі. Ол АҚШ құрамасының сапында екі рет Олимпиаданы жеңсе, 2014 жылы Финикс сапында WNBA чемпион атанды. 2015 жылдан бастап Екатеренбургтің УГМК командасында ойнаған.
Жарнама