Бір ай бұрын қызметіне тағайындалған бапкер ауруханаға түсіп қалды

©sports.ru

Баскетболдан Сербия құрамасының бас бапкері Светислав Пешич ауруханаға түсіп қалды, деп жазады Vesti.kz тілшісі Eurohoops сайтына сілтеме жасап.

"Пешичтің жағдайы бір қалыпты. Алайда оның тамағы ісіп кеткен. Шұғыл түрде медициналық көмек қажет", - дейді дәрігер Драган Радованович.

Баспамен (ангина) ауруханаға түскен белгілі маман алдағы күндері команданың оқу-жаттығу жиындарына қатыса алмайды.

Еске салайық, 72 жастағы Пешич қыркүйек айының соңғы аптасында Сербия құрамасының бас бапкері міндетіне тағайындалған болатын. Әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында балқандық ұжым А тобында Латвия, Бельгия және Словакия командаларымен бір топқа түсті. Бапкерлік карьерасында Светислав Пешич 1993 жылы Германиямен және 2001 жылы Югославия құрамасымен Еуропа чемпионатын жеңіп алса, 2002 жылы Югославия баскетболшыларына әлем чемпионы атағын алып берді.   

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: