Баскетболдан Қазақстан әлем чемпионатының іріктеу кезеңін жеңіспен бастады

©nbf.kz

Баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы 2023 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы алғашқы матчында Сириядан айласын асырды.

Елордадағы "Сарыарқа" велотрегінде өткен ойын 84:74 (17:24, 16:14, 21:15, 30:21) есебімен отандастарымыздың пайдасына шешілді.

Қазақстан сапынан 20 ұпай жинаған Рустам Мурзагалиев үздік ойыншы атанса, Николай Бажин (13 ұпай) мен Антон Быков (11 ұпай), тиісінше, екінші және үшінші орындарға жайғасты.

Қос құрама арасындағы қарымта ойын 29 қараша күні Даммаскте өтеді

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: