Баскетболдан әйелдер арасында әлем чемпионы анықталды

©usab.com

Баскетболдан АҚШ-тың әйелдер құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Аустралияның Сиднейінде өткен турнирдің финалында америкалықтар Қытай командасын 83:61 есебімен жеңді.

Осылайша, АҚШ құрамасы қатарынан 4 рет және жалпы 11 рет жеңіске жетіп отыр. Ал аспан асты елінің өкілдері өз тарихында екінші рет күміс жүлдені еншіледі.

Жарыстың қола жүлдесі Канаданы 95:65 есебімен ұтқан Аустралия құрамасының қыздарына бұйырды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport