Баскетбол
5 тамыз 2020 16:36

Баскетбол командасы коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан ойыншысын қуып жіберді

Сурет: istravest.ru
Германиялық "Телеком Баскетс" баскетбол командасы Джошико Сайбумен келісімшартты бұзды,- деп хабарлайды РИА Новости. Оған себеп баскетболшының коронавирус туралы жалған ақпарат таратуы болған. 

30 жастағы баскетболшыны ешқандай ескертусіз командадан қуып жіберген. Клуб басшылары "кәсіпқой спортшының келісімшартты бұзды" деген себебін алға тартып отыр. Клуб президенті Вольфганг Видлихтің айтуынша, команда Сайбудың коронавирус жұқтырып алып, басқа командаластарына жұқтырып алмаудың алдын алған екен. 

Спортшы соңғы аптада өзінің әлеуметтік желілерінде коронавирусқа қатысты көп жалған ақпарат таратқан көрінеді. Сенбі күні баскетболшы Берлинде өткен коронавирусқа қарсы шеруге қатысқан. Бұл кезде ол команда ішіндегі ережені бұзып, сыртқа шығып кеткен.