Әйгілі Коби Брайанттың басында тақиямен Қазақстан туын ұстаған суреті жарияланды

© Eurosport
Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі әйгілі баскетболшы Коби Брайанттың тақия киіп, Қазақстан туымен түскен суретін жариялады, - деп хабарлайды Tengirnews.kz тілшісі.

"Жастайынан Коби өз ойынымен бүкіл әлемнің адамдарын шабыттандыра білді. Суретте - жас Коби Брайант қазақстандық ойыншылармен бірге. @timurnesbitt суретті ұсынғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!", - делінген суреттің сипаттамасында.




Метки: