Баскетбол
27 қаңтар 2020 07:42

Атақты Коби Брайант қызымен бірге тік ұшақ апатында қаза болды

© twitter.com/Hoophall
Ұлттық баскетбол қауымдастығындағының бес дүркін чемпионы Калифорнияда тік ұшақ апатынан қазақ болды, - деп хабарлайды TMZ.

Апат жексенбі күні таңертең болған. Дерек бойынша, Брайант өзінің жеке тікұшағымен баскетбол жаттығуына ұшып бара жатқан. "Лейкерс" командасының аңызға айналған ойыншысымен бірге тағы сегіз адам болған. Апаттан кейін ешкім аман қалмаған. Қаза болғандардың арасында Брайанттың 13 жастағы қызы Джианна Брайант бар.




41 жастағы баскетболшының артында әйелі Ванесса Брайант пен үш қызы қалды.



Коби Брайант 1996-2016 жылдар аралығында "Лейкерс" клубында өнер көрсетті. Мансабында ҰБҚ-ның бес дүркін чемпионы, финалдық серияның екі дүркін MVP-і атанған. Сондай-ақ, Жұлдыздар матчына 18 рет қатысқан. АҚШ құрамасы сапында екі дүркін олимпиада (2008, 2012) чемпионы атанған.

Баскетболшы 2016 жылы мансабын аяқтады. 2018 жылы Брайант "Қымбатты баскетбол" мультфильмі үшін "Оскар" сыйлығын алған.

Америкалық Sports Illustrated журналы Коби Брайантты онжылдықтың ең үздік бес спортшысы қатарына қосқан.

Брайант ҰБҚ-ның ең нәтижелі ойыншыларының тізімінде 33643 ұпаймен төртінші орында тұр. Бұған дейін сенбіден жексенбіге қараған түні Леброн Джеймс оның нәтижесінен асып түсіп, үшінші орынға көтерілген еді.