"Астана" ВТБ лигасында ұтылды

©pbcastana.kz

"Астана" баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасының тұрақты чемпионатында "Локомотив-Кубань" командасынан ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Сырт алаңда өткен ойын 73:53 (23:17, 17:8, 22:13, 11:15) есебімен ресейліктер пайдасына аяқталды.

"Астана" сапында ең нәтижелі Даниил Аксенов болды - 13 ұпай. 

Қазақстандық клуб келесі ойынды 5 қараша өз залында красноярскілік "Енисейге" қарсы өткізеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: