"Астана" ресейлік шабуылшыны қатарына қосты

©Сурет "Астана" сайтынан алынды.

Елордалық "Астана" баскетбол клубы ресейлік форвард Марк Тихоненкомен толықты, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.

Марк кәсіби мансабын 2014/2015 маусымда Испанияның Unicaja Malaga клубында бастады. 2016 жылы мұхит асып, Балтиморға (АҚШ, Мэриленд) көшті, онда колледжге дайындық аясында "Mt. Zion Preр" спорт академиясында бір жыл оқып, маусымды жергілікті команда құрамында өткізді.

2017 жылы University of North Texas университетіне "Туризм және қонақ үй ісі" мамандығына оқуға түсіп, келесі екі маусымда университет командасында өнер көрсетті, 2018 жылы CBI (College Basketball Invitational) турнирінің чемпиондық атағын жеңіп алды. 2019 жылы үшінші курс басталар алдында Марк Sam Houston State University-ге ауысып, ал бакалавр дәрежесін 2021 жылы University of Tennessee at Chattanooga студенті және ойыншысы ретінде алды.

Студенттік командалар үшін өнер көрсетуден басқа, жас шабуылшы Ресейдің жасөспірімдер мен жастар құрамасының намысын қорғады. U-20 құрамасы қатарында 2018 жылғы Еуропа чемпионатының екінші дивизионында ойнады, оның қорытындысы бойынша Ресей құрамасы 3-орынға ие болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: