"Астана" баскетбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

Сурет: isport.ua

Елордалық "Астана" баскетбол клубына сербиялық маман Дарко Руссо бас бапкер болып тағайындалды, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.

"Астана" мен Руссо екі жылдық келісімшартқа қол қойды.

59 жасар маман осыған дейін сербиялық "Беобанка" мен "Партизан", черногориялық "Будучность", грекиялық "Апполон" және "Марусси", украиналық "Химик" және аустриялық "Зептер Вена" сынды тағы да басқа клубтарда қызмет еткен.

2019 жылы Бахрейн ұлттық құрамасының тізгінін ұстап, Парсы шығанағындағы араб елдерінің чемпионатында қола жүлдегер атанған.

Метки: