Ойынның оныншы минутында алаң иелерінің шабуылшысы Якуб Коваржа есеп ашып, швейцариялық команда алға шықты. Алайда 12-ші минутта "Барыс" сапына жаңадан қосылған Аркадий Шестаков есепті теңестірді.
Екінші кезеңде Швейцарияның күміс жүлдегерлері басымдыққа ие болды. Швейцариялық клуб хоккейшілері Сантери Алатало 29-шы минутта, Грегори Хоффманн 31-ші минутта көзге түсті. Жауап ретінде қазақстандық клубтың ойыншысы Ярослав Евдокимов 34-ші минутта есепті бір ұпайға қысқартты.
Үшінші айналымда көрермендер тағы үш шайба көре алды. 45-ші минутта "Цуг" сапындағы Лино Марчини есепті 4:2-ге жеткізді. "Барыс" ойыншысы Павел Акользин 54-ші минутта жауап қайтарды, алайда ойын аяқталуға бір минут қалғанда Хоффманн дүбль жасап, кездесудің соңғы нүктесін қойды.
Айта кетейік, Lehner Cup турнирінде "Барыс" швейцариялық "Амбри-Пиотта" командасын 4:1 есебімен тізе бүкітрген еді.
Алты ұпай иеленген "Цуг" турнир жеңімпазы атанды. Екінші орында - "Барыс".