"Барыс" ҚХЛ сериясы аясында өз мұзайдынында мәскеулік "Динамоға" қарсы ойнайды

© "Барыс" ХК
Бүгін, 27 желтоқсанда астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) тұрақты чемпионатының өз мұзайдыныда матч өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Андрей Скабелка жаттықтыратын команда мәскеулік "Динамоны" қабылдайды. Ойынның басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 19:30. Ойынды QazSport арансынан тамашалауға болады.

Қазіргі таңда "Барыс" 39 матчте 50 ұпай жинап, Шығыс конференциясында төртінші орында тұр. Ал 41 ойында 53 балл жинаған "Динамо" "Батыста" үшінші.