"Барыс" ҚХЛ-дің Шығыс конференциясында 10-орын алды
Барыс ХК
Барыс хоккей клубы үшін Құрлықтық хоккей лигасының 10-шы маусымы аса табысты болмады. Команда өз тарихында екінші рет плей-офф кезеңіне шыға алмады.
Елордалық команда кеше өз мұз айдынында Екатеринбургтің "Автомобилист" командасына есе жіберді. Негізгі уақытта 2:2 есебімен тең ойнап, буллит сериясында қонақтардың жолы болды.
71 ұпай жинаған "Барыс" ҚХЛ-дің Шығыс конференциясында 10-орынға тұрақтады. Алда команданың "Куньлунь" мен "Авангард" командаларына қарсы өткізетін ойыны ғана бар. Бұл ойындарда жеңсе де, жеңілсе де өз орнын сақтап қалады. Ал жалпы есепте 19-орында тұр.
Елордалық команда қараша айына дейін маусымды аса сәтті өткізіп келді. Тіпті Шығыс конференцияда алғашқы үштікте болған. Кейіннен команданың ойыны кері кетіп, әр ойын сайын ұпай жоғалтумен болды. Нәтижесінде плей-офф кезеңіне шыға алмай, бар болғаны 10-орынға тұрақтады.

Жарнама