"Барыс" Құрлықтық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) кезекті ойында Астанада "Витьязды" ұтты. Елордалық команда қарсыластарын қосымша уақытта (овертайм) қапы қалдырды.
Қос команда арасындағы негізгі уақытта 2:2 есебі тіркелді. "Барыс" сапынан Роман Старченко мен Кевин Даллмэн шайба соқса, "Витьяз" клубы қатарынан Алексей Семенов пен Яакоо Рисанен мергендігімен көзге түсті.
Қосымша уақытта Мартен Сен-Пьер "Барысқа" жеңіс сыйлаған шайбаны соқты.
"Барыс" Шығыс конференцияда 54 ұпаймен екінші орында келеді. Келесі ойынын 5 қараша күні Астанада Мәскеудің ЦСКА командасына қарсы өткізеді.

Жарнама