жаңа тег қосуСлайдшоу қарау (пробел)ПаузаАртқаАлғаОрнынан көшіруЖабу (Esc)Толық көлеміне ашуСуретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Бендиден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңінде кезеңінде Венгрия құрамасын 29:0 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Осылайша Қазақстан құрамасы В тобының көшін бастаса, Венгрия құрамасы соңғы орынға түсіп қалды. Бұл топтағы екінші кездесуде АҚШ құрамасы Германия құрамасын 14:4 есебімен жеңіп, екінші орынға көтерілді.
Ал А тобында Норвегия, Ресей, Финляндия және Швеция құрамалары өнер көрсетіп жатыр. Бендиден әлем чемпионы бұл күндері Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатыр. Дода 4-ақпан күні мәресіне жетеді.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы бендиден алты рет әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған. Өткен әлем біріншілігінде отандастарымыз күтпеген жерген бесінші орын алып, екінші топқа түсіп қалған болатын.