Бендиден Қазақстан құрамасы Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында Норвегия құрамасымен кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Бүгін әдем чемпионатында Норвегия мен Финляндия құрамалары арасындағы кездесу өтті. Ойын 7:0 есебімен финляндиялық бендишілердің пайдасына аяқталды. Осылайша Финляндия құрамасы үш ойында бір рет жеңіске жетіп, А тобында үшінші орын алып, В тобында екінші орынға жайғасқан АҚШ құрамасымен ойнайтын болды.
Өз тобында барлық кездесуде жеңіліс тапқан Норвегия құрамасы болса В тобында бірінші орынға жайғасқан Қазақстан құрамасымен кездеседі. Ойын 2 ақпан күні өтеді.

Жарнама