Бадминтон
25 тамыз 14:58

Қазақстандық бадминтоншы Камерунда өткен турнирде күміс жүлдегер атанды

©ҚР ҰОК

Қазақстан бадминтон құрамасының көшбасшысы Дмитрий Панарин Камерун астанасы Яундеде өткен ірі халықаралық турнирдің финалында өнер көрсетті.

Ерлер арасындағы жекелей сайыстың шешуші ойынында қазақстандық спортшы Индонезия өкілі Прадиска Шудживомен кездесті.

Кездесу қарсыластың пайдасына 2:0 есебімен (21:13, 21:7) аяқталды.

Осылайша, Панарин жарысты екінші орынмен тәмамдады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport