Бадминтон
Бүгін 15:09

Қазақстандық бадминтоншы Астанадағы халықаралық турнирдің 1/8 финалына өтті

©ҚР ҰОК

Бұл күндері Астана қаласы бадминтоннан ірі халықаралық турнирді қабылдап жатыр.

Ерлер арасындағы жекелей сында Қазақстан құрамасының көшбасшысы Дмитрий Панарин 1/8 финалға жолдама алды.

1/16 финалда отандасымыз Үндістан өкілі Арья Бхивпатакиді 2:0 есебімен жеңді.

Келесі кездесуін Панарин 19 желтоқсанда өткізеді. Ширек финалға шығу үшін ол Иран спортшысы Нима Ростампурлагалданимен кортқа шығады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport