NASCAR жарысының соңғы айналымда бірінші болған спортшы сұмдық апатқа түсті

© footballua.tv
Roush Fenway Racing командасының пилоты Райан Ньюман NASCAR Cup Series "Дайтона 500 жарысындағы жол апатынан кейін ауыр жағдайда жатыр. 

Флоридада өткен жарыстың соңғы айналымында Ньюман бірінші келе жатқан, алайда, осы сәтте апат болды. Басқа көлік оны жанап өткеннен кейін спортшы дуалға соғылып, айнап барып, отқа оранды. Осыдан кейін оған басқа көлік соғылды. Апат қызметі 42 жастағы Ньюманды көліктен жылдам алып шықты да, оны жедел жәрдем алып кетті. 

"Райан Ньюман медициналық орталықта емделуде. Жағдайы ауыр, алайда, дәрігерлер оның жарақаттары өміріне қауіп төндірмейді деп есептейді", - делінген спортшы командасының Twitter хабарламасында.

Метки: