"Спорт тек сорлылар үшін". Бублик кортта былапыт сөздер айтты

Сурет: Андрей Ударцев©

Александр Бубликтің төмендегі сөздері әлі талай уақыт бойы көпшіліктің жанында қалатын шығар. Ол Роттердамда өткен турнирде Томми Полдан жеңіліп жатып, бірнеше былапыт сөз айтты. 

Қазақстанның бірінші нөмерлі теннисшісі шамамен мынадай сөздер айтты:

"Спорт әлемдегі сорлылар үшін *******. Есі дұрыс емес адамдар үшін *******. ***. Кортта не болып жатқанын түсініп болмайсың. Бір *******, екінші бір ******** жеңіп, *****  жағдай болып жатады", - деді Бублик. 

Еске салайық, теннисшілер бұл турнирдің 1/8 финалында жолықты. Бублик 7:5 есебімен бірінші сетті жеңген болатын. Бірақ кейінгі сеттерді 3:6, 1:6 есептерімен жеңіліп қалды. 

 

 

 

 

 
 

Метки:
Жаңалықтар